2015 жылғы 28 мамыр , Астана қаласы
Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды
(қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды
бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағы 55-30) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А.Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
________________ А.Сәрінжіпов
2016 жылғы 5 ақпан «КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е.Досаев
2015 жылғы 3 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы №663 бұйрығымен бекітілген
Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және
олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидалары және оларға қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидалары және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-30) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) куәландыру тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру білім беру ұйымдарының, теңіз оқу-тренажер орталықтарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін жүргізіледі.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланыланылады:
1) теңіз оқу-тренажер орталығы – халықаралық талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) уәкілетті орган – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңында көзделген шеңберінде салааралық үйлестірудегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқару органы.
2. Теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру тәртібі
4. Білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 664 «Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12008 болып тіркелген) сәйкес теңiз көлiгi мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және біліктілігін арттыру бойынша уәкілетті органмен айқындалатын теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) куәландыру бойынша уәкілетті ұйыммен жүргізіледі.
5. Білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыру кезінде уәкілетті ұйымдармен:
1) теңізшілерді даярлауды жүргізетін оқу бағдарламалары;
2) профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ, инструкторлар;
3) қолданылатын оқу құрал-жабдықтары, соның ішінде болған жағдайда тренажерлер.
6. Білім беру ұйымдарымен, теңіз оқу-тренажер орталықтарымен куәландырудың басталуынан екі ай бұрын уәкілетті ұйымға келесі ақпарат ұсынылады:
1) ұйымдық құрылым және әр түрлі консультативтік кеңестердің құрамы туралы (болған жағдайда);
2) қолданылатын теоретикалық және практикалық дайындықтар туралы мәлімет;
3) қызметкерлер және студенттер туралы ақпарат;
4) оқу құрал-жабдықтардың сипаттамасы;
5) келесілерге қатысты саясаттың және процедуралардың жалпы мазмұндамасы:
студенттерді қабылдау;
жаңа курстарды әзірлеу және бар курстарды қайта қарау;
емтихандарды, соның ішінде апелляциялар және қайта тапсыратын емтихан жүргізу жүйесі;
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, даярлау, біліктілікті арттыру, бағалау және қызметте жоғарлату.
7. Уәкілетті ұйыммен алынған материалдар анализі жүргізіледі және куәландыруды өткізудің алдын ала мерзімі хабарланады.
8. Куәландыруды жүргізу алдында білім беру ұйымы және уәкілетті ұйым арасында куәландыруды өткізу негізгі шарттары, куәландырудың басталу және аяқталу мерзімі бекітілген келісім жасалады.
9. Куәландыру жүргізу кезінде уәкілетті ұйымға қажетті жай беріледі.
10. Куәландыру қорытындысы бойынша уәкілетті ұйымымен:
1) білім беру ұйымы немесе теңіз оқу-тренажер орталығы туралы қысқа анықтамалық ақпарат және олармен қолдануға жоспарланған оқу бағдарламалары;
2) қолданылатын бағалау процедурасының сипаты;
3) осы Қағидалардың және 2010 жылғы түзетулермен 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау және дипломдау және вахтада тұру туралы халықаралық конвенциясының (бұдан әрі – Конвенция) талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі және қойылған мақсаттарға және міндеттерге жету көзқарасынан ішкі стандарттар сапасының тиімділігі туралы ақпарат;
4) теңізшілерді даярлау сапасын жақсарту үшін ұсыныстар құрайтын қорытынды дайындайды.
11. Жағымды қорытынды алғаннан кейін білім беру ұйымы, теңіз оқу-тренажер орталығы теңiз көлiгi мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және біліктілігін арттыру бойынша қызметтің басталуы туралы уәкілетті органға қорытындының көшірмесін қоса хабарландыру қағазын жібереді.
12. Жағымсыз қорытынды болса білім беру ұйымы, теңіз оқу-тренажер орталығы қорытындыны алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде уәкілетті ұйымға бекіту үшін түзетуші әрекеттер жоспарын ұсынады.
13. Бекітілген түзетуші әрекеттер жоспарына сәйкес сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін білім беру ұйымы, теңіз оқу-тренажер орталығы осы туралы ақпаратты куәландыру жүргізген уәкілетті ұйымға жолдайды.
Уәкілетті ұйым білім беру ұйымынан, теңіз оқу-тренажер орталығынан хабарландыру қағазын алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде қайта куәландыру жүргізеді.
Куәландырудың нәтижесі бойынша сәйкессіздіктерді жою туралы қорытынды жасалады, қосымшасымен білім беру ұйымы, теңіз оқу-тренажер орталығы уәкілетті органды теңiз көлiгi мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және біліктілігін арттыру бойынша қызметтің басталуы туралы хабарлайды.
3. Білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына қойылатын талаптар
14. Білім беру ұйымдарына, теңіз оқу-тренажер орталықтарына келесі талаптар қойылады:
1) теңіз көлігі мамандарын даярлау, біліктілігін қолдау бойынша келесілерді құрайтын басшалақтын болуы:
теңiз көлiгi мамандарын даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру түрлерін куәландыруға өтініштердің жалпы сипаттамасы;
қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз ету және оқу курсын іске асыру үшін жабдықтар сипаттамасын қоса ұсынған оқу бағдарламаларының мазмұны;
сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жалпы сипаттамасы;
білім беру ұйымында бар жай, құрал-жабдықтар сипаттамасы;
инструкторлар қызметінің саласын кеңейту және біліктілігін ұстау үшін қолданбалы процедураларының сипаттамасы;
инструкторларды даярлау туралы есеп беру құжаттамасын жүргізу және сақтау тәртібінің сипаттамасы.
2) келесілерді қамтитын менеджмент сапасының жүйесінің бары:
сапаны қамтамасыз ету концепциясы;
сапаны басқару;
сапаны қамтамасыз ету бойынша басшылық;
тексеру әдісі;
есепті жүргізу және есептілік.
3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі 14-бабының 8-1-тармағы және Конвенция негізінде уәкілетті органмен бекітілетін үлгіге сәйкес оқу бағдарламаларының білім беру ұйымдарында болуы;
4) келесі құжаттары бар инсрукторлардың болуы:
инструкторларды оқытатын курсын өтуін растайтын құжат (Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) 6.09 модельдік курсы);
Конвенцияға сәйкес нақты үлгілер және даярлау дәрежелері үшін кәсіби диплом немесе теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері;
екі жылдан кем емес жүзу стажы;
тренажерлерді қолданған жағдайларда, тренажерлерді қолданатын инструкторлар және сынаушы оқыту курсын өту туралы куәлік (ХТҰ 6.10 модельдік курсы).
5) оқу құрал-жабдықтарының, соның ішінде Конвенцияның II (теңіз) және III (техникалық) тарауларына сәйкес тәжірибелік дағдыларды алу үшін шынайы жағдайлар жасайтын тренжерлер болуы.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 10 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13429 болып енгізілді.